Дәрілермен өзара әрекет
В1 дәрумені (тиамин) В2 дәрумені (рибофлавин) В3 дәрумені (ниацин) В5 дәрумені (пантотен қышқылы) В6 дәрумені (Пиридоксин) Биотин В9 дәрумені (Фолаттар мен фолий қышқылы) В12 дәрумені (Кобаламин) С дәрумені (Аскорбин қышқылы) A дәрумені (Ретинол, ретиналь, ретиной қышқылы) D дәрумені (Холекальциферол, эргокальциферол) E дәрумені (Токоферолдар мен токотриенолдар) K дәрумені (Филлохинон, менахинон) Хром Мыс Магний Марганец Кальций Йод Темір Молибден Калий Селен Цинк Ванадий Натрий Фосфор

В1 дәрумені (тиамин)

  • Метформин. Теоретикалық тұрғыдан, метформин тиаминнің белсенділігін төмендетуі мүмкін, нәтижесінде сүт қышқылы ұлғаяды. Бұл әсері метформин қабылдайтын науқастарда лактоацидоздың кейбір жағдайларының себебі болуы мүмкін.
  • Диуретик. Фуросемид (Lasix) — тұзақты диуретик, ісінулер мен гипертонияны емдеу үшін қолданылады. Ол несеппен шығарылуы есебінен тиаминнің деңгейін төмендетеді.  Фуросемидтен басқа да диуретиктер тиаминнің несеппен шығарылуын ұлғайтуы мүмкін. 
  • Антибиотиктер. Теоретикалық тұрғыдан, антибиотиктер тиаминнің сіңуін төмендетуі мүмкін, алайда, басқа жағы да бар, мысалы, жануарларда өткізілген In vitro зерттеулерде триметоприм антибиотигі  қан сарысуындағы тиаминнің мөлшерін оның тасымалданушы жолдарының тежелуіне қарамастан қайшылықты ұлғаюына апарған. Сондықтан антибиотиктерді тиаминмен бірге қабылдау дұрыс емес, себебі, тиаминнің серпіні белгісіз.
  • Химиотерапия. Фторурацил (5-фторурацил, Адруцил) — химиотерапиялық препарат, колоректальдық және басқа қатерлі ісік түрлерін емдеуде қолданылады. Әдебиетте фторурацил қабылдаған кезде бери-бери немесе Вернике энцефалопатиясы дамуы жағдайлары сипатталған, бұл тиамин метаболизмінің күшеюі және оның белсенді түрі - ТДФ (тиаминдифосфат) түзілуінің тежелуі салдарынан болуы мүмкін. Тиаминді қоспалар осы әсерлерді ішінара өтеуі мүмкін. 
  • Құрысуға қарсы препарат.  Құрысуға қарсы дәрі – фенитоинді ұзақ уақыт бойы қабылдайтын адамдардағы зерттеулерде қандағы тиамин мөлшерінің төмендеуі байқалған. 
  • Алкогольді шамадан тыс тұтыну.

В2 дәрумені (рибофлавин)

Рибофлавиннің дәрілермен өзара клиникалық маңызды әсерлесуі жоқ екендігі белгілі, дегенмен, ұзақ уақыт бойы қолданған кезде өзара әсерлесуі бар:

  • Антипсихотикалық заттар (нейролептик), фенотиазин туындылары тобынан: хлорпромазин (торазин), трициклдік антидепрессанттар — рибофлавиннің оның туындылары - флавинадениндинуклеотид (ФАД) немесе флавинмононуклеотидке (ФМН) айналуын тежейді. Безгекке қарсы зат - хинакрин, рибофлавиннің ФАД және ФМН айналуын тежейді. 
  • Химиотерапиялық препарат - адриамицин, рибофлавиннің ФАД және ФМН айналуын тежейді. 
  • Құрысуға қарсы зат - фенобарбитал, рибофлавиннің бауырда бұзылуын ұлғайтып, тапшылық қаупін арттыруы мүмкін.
  • Антибиотиктер - in vitro зерттеулер көрсеткендей, рибофлавин тетрациклинді антибиотиктердің белсенділігін тежеуі мүмкін. Бұл әсерінің клиникалық маңызды  екендігі айқын емес, бұл бағытта әзірге адамдар арасында зерттеулер жоқ.

В3 дәрумені (ниацин)

  • Статиндер  дислипидемияны емдеу үшін бірінші қатардағы препараттар. Никотин қышқылын (ниацинді) статиндермен бір мезгілде қабылдау рабдомиолиздің — сирек, бірақ күрделі аурудың даму қаупін ұлғайтуы мүмкін, бұл ауру кезінде бұлшық еттер ыдырап, бүйрек жеткіліксіздігін туындата алатын заттар босатылады.
  • Қалқанша без гормондары. Теоретикалық тұрғыдан, ниацин қалқанша без гормондарының тиімділігін төмендетуі мүмкін. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, ниацинді қабылдау кезінде қан сарысуындағы тироксинді байланыстыратын глобулин деңгейі 25% дейін азаюы мүмкін, бұл тироксиннің (Т4) деңгейін аздап төмендетуге апарады.
  • Туберкулезді емдеу. Изониазид пен пиразинамид: туберкулезді емдеуде қолданылатын бұл препараттар (мысалы, Rifater құрамында), В6 дәруменінің метаболизмін бұзады. 
  • Диабетке қарсы препараттар. Никотин қышқылының жоғары дозалары (күніне 1,5 г және одан жоғары) қандағы глюкоза деңгейін арттыруы мүмкін, бұл инсулинге төзімділікті күшейтеді және гипергликемияға апарады.
  • Алкоголь. Алкоголь ниацинге байланысты қызару мен қышуды күшейтуі мүмкін. Ниациннің үлкен дозалары алкогольді тұтынуға байланысты бауыр қызметі бұзылысын ушықтыруы мүмкін. Ниацинді тағайындау кезінде науқасқа кез келген алкоголь сусындарын қабылдаудан алшақ болуды ескерту қажет.
  • Подаграны емдеу. Созылмалы подагра кезіндегі урикозуриялық дәрілер.  Теоретикалық тұрғыдан, ниацин аллопуринол секілді урикозуриялық дәрілердің терапиялық әсеріне қарсы келуі мүмкін. Себебі, ниациннің үлкен дозалары несеп қышқылының несеппен шығарылуын азайтуы мүмкін.
  • Антикоагулянттық немесе антитромбоцитарлық препараттар. Теоретикалық тұрғыдан, ниацин антикоагулянттық немесе антитромбоцитарлық препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін. 
  • Антигипертензиялық препараттар.  Теоретикалық тұрғыдан, ниацин антигипертензиялық препараттармен бірге қолданған кезде гипотензия қаупін арттыруы мүмкін (бұл – артериалдық қысымның нормадан 20%-дан аса төмендеуі). Ниациннің тамырды кеңейтетін әсері гипотензияны туындатуы мүмкін. 
  • Аспирин. Аспирин үлкен дозасында ниациннің организмнен шығарылуын баяулатуы мүмкін, бұл оның қандағы мөлшерінің өзгеруіне апаруы мүмкін. 
  • Өт қышқылдарының секвестранттары  ниацинді байланыстырып, оның сіңуін төмендетуі мүмкін. Өзара әсерлесуін болдырмау үшін енгізудің аралығын 4-6 сағатқа бөліңіз. 
  • Гиполипидемиялық зат. Теоретикалық тұрғыдан, ниацин мен гемфиброзилді бірге қабылдау кейбір науқастарда миопатия қаупін ұлғайтуы мүмкін. 

В5 дәрумені (пантотен қышқылы)

Пантотен қышқылының дәрілермен қандай да бір клиникалық маңызды өзара әсерлесуі жоқ екендігі белгілі, дегенмен, ұзақ қабылдау кезінде орын алуы мүмкін өзара әсерлесуі бар:  

 

  • Ішетін контрацептивтер: эстрогенмен және прогестинмен таблеткалар пантотен қышқылына қажеттілікті арттыруы мүмкін. 
  • Статиндер: В5 дәрумені статиндермен (HMG-CoA резуктазасын тежеушілер) немесе никотин қышқылымен бірге қан липидтеріне әсерін күшейтуі мүмкін.

В6 дәрумені (Пиридоксин)

  • Антибиотик, атап айтқанда, серомицин —  кең ауқымды препарат, туберкулезді емдеу үшін қолданылады, ол В6 дәруменінің несеппен шығарылуын күшейтуі мүмкін, бұл құрысу мен нейроуыттылықты ушықтыруы мүмкін. 
  • Антигипертензиялық препараттарВ6 дәруменінің жоғары дозалары систоликалық және диастоликалық қысымды төмендетуі мүмкін, бұл қан сарысуындағы адреналин мен норадреналин деңгейін төмендету есебінен орын алуы мүмкін. Сондықтан, антигипертензиялық препараттармен бірге қауіпті болуы мүмкін. 
  • Эпилепсияға қарсы препараттар: вальпрой қышқылы (Депакен), карбамазепин (Карбатрол, Тегретол) және фенитоин (Дилантин) В6 дәруменінің катаболизмін ұлғайтады, қан сарысуындағы пиридоксальфосфат мөлшерін төмендетіп, гомоцистеин деңгейін арттырады. Бұл эпилепсия ұстамаларының, инсульттің қаупін арттырып, құрысуды бақылауды қиындатуы мүмкін. Ұзақ уақыт бойы пайдалану тамырдың созылмалы уыттылығына апаруы мүмкін. Пиридоксин қоспалары (күніне 200 мг) қан сарысуындағы фенитоин мен фенобарбитал мөлшерін азайтуы мүмкін, бірақ, төмен дозаларының әсері белгісіз.

 

  • Эпилепсияға қарсы зат: леветирацетам (Keppra) — жанама әсерлері бар, мысалы, ашушаңдық пен депрессия. Бұл жанама әсерлерін В6 дәруменінің қоспалары азайтуы мүмкін (балаларда күніне 50-350 мг және ересектерде күніне 50-100 мг). 
  • Теофиллин — демікпе (астма) мен өкпе ауруларын емдеуде қолданылатын препарат. Теофиллинді қабылдау кезінде қан сарысуында  пиридоксаль-5-фосфаттың (В6 дәруменінің белсенді түрі) төмен деңгейі байқалуы мүмкін, бұл неврологиялық жанама әсерлерге ықпал етеді құрысуы қоса.
  • Леводопа — Паркинсон ауруына қарсы дәрілік зат.  В6 дәрумені (пиридоксин) леводопаның метаболизмін күшейтедіоның клиникалық әсерін азайтады. Бірақ, карбидопаны леводопамен (Sinemet) бірге пайдаланған кезде  бұл өзара әсерлесуі болмайды. Сондықтан бұл көпшілік үшін мәселеге жатпайды. 

Биотин

  • Құрысуға қарсы терапияЗерттеулер кезінде эпилепсияға шалдыққан, құрысуға қарсы терапияны қабылдайтын науқастар арасында бақылау тобымен салыстырғанда қан сарысуында биотиннің төмен деңгейі байқалған. Пайдаланылған препараттар: карбамазепин (Тегретол), примидон (Мисолин), фенитоин (Дилантин) және фенобарбитал (Люминал) және олардың бірігулері. Себебі, құрысуға қарсы емдеу салдарынан  биотин катаболизмінің ұлғаюы және оның ішектегі сіңуінің төмендеуі болуы мүмкін.
  • Антибиотиктер. Теоретикалық тұрғыдан, антибиотиктер биотиннің деңгейін төмендетуі мүмкін, бірақ, бұл клиникалық зерттеулерде дәлелденбеген. 

В9 дәрумені (Фолаттар мен фолий қышқылы)

  • Метотрексат (Rheumatrex, Trexall) — фолат антагонистіқатерлі ісіктер мен аутоиммундық ауруларды емдеуде қолданылады. Қатерлі ісіктер кезінде метотрексатты қабылдайтын науқастар фолат қоспаларын қабылдау алдында онкологпен кеңесуі тиіс, себебі, олар метотрексаттың қатерлі ісіктерге қарсы әсерін төмендетуі мүмкін. Алайда, фолат қоспалары ревматоидтық артрит немесе псориаз кезінде төмен дозасында қолданылатын метотрексаттың жанама әсерін азайтуы мүмкін.
  • Эпилепсияға қарсы препараттар: фенитоин (Дилантин), карбамазепин (Карбатрол, Тегретол) және вальпроат (Депакон) қан сарысуындағы фолаттың деңгейін төмендетуі мүмкін. Алайда, фолат қоспалары да осы дәрілердің қандағы деңгейін төмендетуі мүмкін, сондықтан фолат қоспаларын қабылдау алдында науқастар емдеуші дәрігерімен кеңесуі тиіс.
  • Сульфасалазин (Азулфидин) ойық жаралық колитті емдеу үшін қолданылады, фолаттың ішекте сіңуін тежеуі мүмкін, бұл фолат тапшылығын туындатады. Сульфасалазинмен емделетін науқастар фолатты тұтынуды тағам рационы немесе қоспалар арқылы ұлғайту қажеттігін дәрігерімен талқылауы тиіс.
  • Антиметаболиттер,  пиримидиндер антагонистері тобынан ісікке қарсы препараттар, флюороурацил (Фторурацил), капецитабин — теоретикалық тұрғыдан, фолий қышқылының жоғары дозалары олардың уыттылығын күшейтуі мүмкін. 
  • Құрысуға қарсы зат: фенобарбитал. Кейбір адамдарда  фолий қышқылы құрысуға бақылауды нашарлатуы және фенобарбиталдың әсеріне кедергі келтіруі мүмкін.
  • Безгекке қарсы зат: пириметамин. Фолий қышқылы пириметаминнің токсоплазмоз және Pneumocystis carinii пневмония кезіндегі паразиттерге қарсы әсерлеріне қайшылықты әрекет етуі мүмкін. Бірақ, фолий қышқылы пириметаминнің безгекті емдеудегі әсеріне қарсы келмейді, себебі, безгек паразиттері экзогенді фолий қышқылын пайдалана алмайды.

В12 дәрумені (Кобаламин)

  • Асқазан қышқылын тежеушілер: омепразол (Prilosec), лансопразол (Prevacid), циметидин (Tagamet) жәнеранитидин (Zantac) асқазан қышқылының босатылуын бәсеңдете отырып, В12 дәруменінің сіңуін қиындатуы мүмкін. Бұл В12 дәруменінің тапшылығына апаруы мүмкін. Бұл науқастарға В12 дәруменіні қабылдаудың басқа жолдары ұсынылуы мүмкін, мысалы, сублингвальдық.
  • Метформин: диабетті емдеуге арналған препарат В12 дәруменінің сіңуін төмендетуі және оның қандағы мөлшерін едәуір азайтуы мүмкін. Сондықтан метформинді қабылдайтын науқастарға В12 дәруменінің дәрежесін қадағалау және қажет болса, толықтыру керек.

С дәрумені (Аскорбин қышқылы)

  • Левотироксин/эутироксбақылауға алынбаған гипотиреозға шалдыққан науқастарда өткізілген екі клиникалық зерттеу көрсеткендей, левотироксинді өзін жеке қабылдаумен салыстырғанда С дәруменімен бірге қабылдау (500-1000 мг) тиреоидты ынталандыратын гормон (ТТГ) деңгейін жақсы төмендеткен және тироксиннің (Т4) деңгейін арттырған. Демек, С дәруменінің левотироксинді ішкен кездегі сіңуін жақсартқандығын көрсетеді, бұл pH төмендету есебінен болуы мүмкін.
  • Химиотерапия: қатерлі ісіктерді емдеу кезіндегі С дәруменінің және жалпы антиоксиданттардың тиімділігі пікірталас туындатады. Антиоксиданттар қатерлі ісік жасушаларын химиотерапиядан (циклофосфамид, хлорамбуцил, т.б.) және радиациядан қорғауы мүмкін, бірақ, кейбір зерттеулер нәтижесі күмәнді. Басқа жағынан, олар сау тіндерді қорғап, емдеу нәтижесін жақсартуы мүмкін. Антиоксиданттарды, әсіресе, жоғары дозасында қабылдау алдында міндетті түрде онкологпен кеңесу қажет.
  • Статиндер: С дәрумені басқа антиоксиданттармен бірге жоғары тығыздықты липопротеиндер деңгейін арттыруы мүмкін, ниацин мен симвастатинмен біріккен емдеу кезінде.
  • Парацетамол (ацетаминофен): С дәруменінің жоғары дозалары парацетамолды (ацетаминофенды) шығаруды аздап бәсеңдетуі мүмкін. Зерттеу көрсеткендей, С дәруменінің 3 гр қабылдау парацетамолдың жартылай ыдырау кезеңін 2,3-тен 3,1 сағатқа дейін ұлғайтады. Бұл парацетамолдың сульфаттық конъюгациясын тежеуімен байланысты. Алайда, бұның клиникалық мәні бола қоймайды.
  • Эстрогендер: С дәруменін ішетін контрацептивтермен немесе алмастыратын гормоналдық емдеумен қатар, жергілікті өнімдерді қоса, пайдаланған кезде қан сарысуында эстроген деңгейі 55% дейін артуы мүмкін, себебі, С дәрумені эстрогендер метаболизмін күшейтеді.
  • Варфарин: С дәруменінің жоғары дозалары (күніне 10 гр астам) варфариннің тиімділігін және сіңуін төмендетуі және диареяны туындатуы мүмкін. Тіпті, төмен дозасының өзі варфариннің сіңуіне әсер етуі мүмкін. Бір жағдайда С дәруменін күніне екі рет, 500 мг дозасында қабылдаған кезде варфаринге төзімділік байқалған. Варфарин қабылдайтын науқастар С дәруменін шамадан артық қабылдаудан алшақ болуы және антикоагулянттық белсенділікті бақылауы тиіс, әсіресе, С дәрумені дозасын тағайындау кезінде.
  • Вирусқа қарсы зат: индинавир, АИТВ-инфекциясын емдеуде пайдаланылады. Бір фармакокинетикалық зерттеу көрсеткендей, С дәруменін 1 гр дозасында күніне бір рет, сонымен қатар 800 мг индинавирді күніне үш рет ішкен кезде индинавирдің мөлшер-уақыт қисығы астындағы ауданды 14% азайтқан.

A дәрумені (Ретинол, ретиналь, ретиной қышқылы)

  • Орлистат (Alli, Xenical): арықтауға арналған препарат А дәруменінің және басқа майда еритін дәрумендер мен бета-каротиннің сіңуін төмендетуі мүмкін, бұл қан сарысуындағы тапшылыққа апаруы мүмкін.
  • Ретиноидтарпсориазды емдеуге арналған ацитретин (Сориатан) және Т-жасушалық лимфоманың терілік көріністерін емдеуге арналған бексаротин (Таргретин) секілді синтетикалық ретиноидтар А дәрумені қоспаларымен бірге қабылдаған кезде А гипердәрумендігі қаупін ұлғайтуы мүмкін. Тағайындау алдында науқастардың осы дәрілерді қабылдамауын қадағалаңыз.
  • Тетрациклинді антибиотиктер: А дәруменінің жоғары дозаларын және тетрациклинді антибиотиктерді бірге қабылдау бас сүйегі ішілік қатерсіз гипертензияның даму қаупін ұлғайтуы мүмкін. Бұл әсері А дәруменінің уыттылығы кезінде және тетрациклиндерді қабылдау кезінде де байқалады. Бұл жағдайлар осы факторлардың бірігуінде қауіптің артуын болжайды. Тетрациклиндермен ұзақ уақыт бойы емдеу кезінде А дәруменінің жоғары дозаларынан алшақ болу ұсынылады.
  • Вафарин: Варфаринді қабылдайтын науқастарда А дәруменінің жоғары дозалары қан кетуін және гипопротромбинемияны туындатуы мүмкін, бұл К дәруменімен қарама-қайшы әсері салдарынан болуы мүмкін. Варфаринді қабылдайтын науқастарға А дәруменінің ересектер үшін рұқсат етілген ең жоғарғы нормасы – күніне 10 000 МЕ асатын дозасынан алшақ болу керек.

D дәрумені (Холекальциферол, эргокальциферол)

  • Орлистат (Xenical, alli): арықтауға арналған препарат D дәрумені сіңуін төмендетуі мүмкін, бұл организмдегі 25(OH)D деңгейін төмендетуге апарады.
  • Статиндер: холестерин синтезін төмендетеді, бұл D дәрумені синтезін азайтады. Сондай-ақ, D дәруменінің жоғары дозалары аторвастатиннің (Липитор), ловастатиннің (Altoprev, Mevacor) және симвастатиннің (FloLipid, Zocor) тиімділігін төмендетуі мүмкін, себебі, олар бір фермент үшін бәсекеге түседі.
  • Стероидтар: кортикостероидтер, мысалы, преднизон (Дельтазон, Райос, Стерапред), D дәрумені  метаболизмін нашралатады және кальцийдің сіңуін төмендетеді. 25(OH)D тапшылығы стероидтарды қабылдаған адамдарда екі есе жиі болған. 
  • Тиазидті диуретиктер: препараттары (мысалы, Hygroton, Lozol, Microzide) кальцийдің несеппен шығарылуын азайтады. D дәрумені қоспаларымен бірге бұл  гиперкальциемияға апаруы мүмкін, әсіресе, егде жастағы адамдарда және бүйрек қызметі әлсіреген немесе гиперпаратиреозға шалдыққан науқастарда.
  • Кальципотриен — псориаз кезінде таңдалатын препарат. Теоретикалық тұрғыдан, кальципотриенді D дәрумені қоспаларымен бірге қабылдау гиперкальциемия қаупін ұлғайтуы мүмкін.
  • Дигоксин — кардиотоник және антиаритмиялық дәрілік затжүрек гликозиді. Теоретикалық тұрғыданD дәрумені жоғары дозасынан туындаған гиперкальциемия дигоксинмен бірге қабылдау кезінде аритмия қаупін ұлғайтуы мүмкін. Дигоксинді қабылдау кезінде D дәруменінің 4000 МЕ асатын дозасынан алшақ болу қажет және D дәрумені мен дигоксинді бір мезгілде қабылдайтын адамдарға қан сарысуындағы кальцийдің деңгейін бақылау керек.

E дәрумені (Токоферолдар мен токотриенолдар)

  • Антикоагулянтар менантитромбоцитарлық препараттар. 
  • Е дәрумені қанның ұюын төмендетеді, бұл варфарин секілді антикоагулянттарды қабылдау кезінде қан кету қаупін ұлғайтуға апарады, әсіресе, К дәруменіің төмен деңгейі байқалатын болса. Бұл әсері үшін Е дәруменінің нақты дозасы белгісіз, ол күніне 400 МЕ жоғары деп болжанады.
  • Химиотерапия және сәулелік терапия. Антиоксиданттар, оның ішінде, Е дәрумені химиотерапия мен сәулемен емдеудің тиімділігін азайтып, жасушаларды зақымданудан қорғауы мүмкін. Кейбір зерттеулер бұл әсеріне күмән тудырады, демек, антиоксиданттар мен қатерлі ісіктерді дәстүрлі емдеуді біріктірудің қаупі мен пайдасын бағалау үшін қосымша зерттеулер қажет.
  • Циклоспорин (циклоспорин А, сандиммун, сандиммун неорал) – аутоиммундық ауруларды емдеуде және ағзаларды алмастыру кезінде трансплантатты қабылдамау серпінінің алдын алу үшін қолданылатын негізгі препарат. Е дәруменінің телімді түрі - D-альфа-токоферил-полиэтиленгликоль-1000 сукцинат (TPGS) циклоспориннің сіңуін ұлғайтып, кейбір науқастарда оны 40%-дан 72%-ға дейін арттыруы мүмкін. Бұл әсерінің себебі – TPGS циклоспориннің сіңуін жақсартатын мицеллалар түзеді. Е дәруменінің әдеттегі түрлері мұндай өзара әсерлесуді туындатпайды.

K дәрумені (Филлохинон, менахинон)

  • Варфарин (Кумадин) және ұқсас антикоагулянттарK дәрумені варфарин және оған ұқсас антикоагулянттармен (фенпрокумон, аценокумарол, тиокломарол) өзара әсерлесе алады. Бұл препараттар К дәруменінің белсенділігін басады, бұл қан ұюы факторларының деңгейін төмендетеді.
  • Антибиотиктер. Антибиотиктерді қабылдау К дәруменінің деңгейін төмендетіп, ішектегі оны өндіретін бактерияларды жояды. Бұл әсіресе, К дәруменінің әсерін тежейтін цефалоспориндерге (мысалы, цефоперазона) қатысты.
  • Өт қышқылдарының секвестранттары  (холестеринді және өт қышқылдарын байланыстырады, нәтижесінде, холестерин төмендейді)холестирамин (Квестран) және колестипол (Колестид) секілді препараттар холестерин деңгейін төмендетеді, бірақ, К дәруменінің және басқа майда еритін дәрумендердің сіңуін де азайтуы мүмкін. Бұл дәрілерді қабылдайтын науқастар әсіресе, ұзақ уақыт бойы, К дәруменінің деңгейін бақылауы қажет.
  • Орлистат (Alli, Xenical)арықтауға арналған препарат майлардың және майда еритін дәрумендердің, оның ішінде, К дәруменінің сіңуін төмендетуі мүмкін. 

Хром

  • Инсулин. Хром инсулинге сезімталдықты арттыруы мүмкін, бұл инсулинмен бірге қабылдаған кезде гипогликемия қаупін ұлғайтады.
  • Метформин және басқа диабетке қарсы препараттар: хром қоспалары қандағы қант деңгейін төмендетуі мүмкін, бұл метформиннің және басқа диабетке қарсы препараттардың әсерін күшейтіп, гипогликемия қаупін ұлғайтады.
  • Левотироксин. Зерттеулер көрсеткендей, хром пиколинатын левотироксинмен бірге қабылдау оның сіңуін алғашқы 6 сағат бойы төмендетуі мүмкін.
  • СТЕРОИДТЫ ЕМЕС ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР (СЕҚҚП). СЕҚҚП секілді простагландинді тежеуші препараттар хромның сіңуі мен тұрақтауын ұлғайтуы ықтимал.
  • Аспирин. Жануарлардағы зерттеулер көрсеткендей, аспирин хромның сіңуі мен қандағы деңгейін ұлғайтуы мүмкін.

Мыс

  • Контрацептивтік құралдар. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, мыстан жасалған жатыр ішілік контрацептив құралдарын қолдану (мысалы: Мирена және Куппер Т 380A) қан сарысуындағы мыстың деңгейін арттыруы мүмкін.

Магний

  • Бисфосфонаттар. Магнийге бай қоспалар мен дәрілер остеопорозды емдеуде қолданатын алендронат (Фосамакс) секілді ішетін бисфосфонаттардың сіңуін төмендетуі мүмкін. Магний мен бисфосфонаттарды қабылдау арасында кемінде, 2 сағат өтуі тиіс.
  • Антибиотиктер. Магний тетрациклиндермен (мысалы, доксициклинмен) және хинолондармен (мысалы, ципрофлоксацинмен) байланысып, олардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бұл антибиотиктерді магний қоспаларын қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын немесе қабылдаған соң 4-6 сағаттан кейін қолдану қажет.
  • Диуретиктер. Тұзақты және тиазидті диуретиктер (мысалы, фуросемид, гидрохлоротиазид) магнийдің жоғалтылуын ұлғайтуы мүмкін, бұл оның тапшылығына апарады. Калийді сақтайтын диуретиктер (мысалы, амилорид, спиронолактон) керісінше, магнийдің шығарылуын төмендетеді.
  • Протондық помпаны тежеушілер (ППТ). ППТ (мысалы, эзомепразол, лансопразол) ұзақ уақыт бойы қабылдау гипомагниемияны туындатуы мүмкін. FDA ұсыныс бойынша, ППТ ұзақ уақыт бойы емдеу алдында және емдеу кезінде кезеңді түрде науқастардағы магний деңгейін тексеру қажет.
  • Кетамин — ауырсынуды басатын айқын әсері бар анестезиялық зат.  Магний кетаминнің уыттылығын туындатуы мүмкін. Себебі, магний секілді кетамин де NMDA-рецепторды тежейді, нәтижесінде магний кетаминнің әсерін күшейтеді.

Марганец

  • Антибиотиктер. Теоретикалық тұрғыдан, марганец хинолонды және тетрациклинді антибиотиктердің сіңуін азайтуы ықтимал. 
  • Антипсихотикалық препараттар. Теоретикалық тұрғыданмарганецтің уыттылық қаупі антипсихотикалық препараттармен бірге ұлғаюы мүмкін. 

Кальций

  • Левотироксин. Кальций гипотиреозды емдеу үшін пайдаланылатын левотироксиннің сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін. Кальцийден кейін левотироксинді қабылдау алдында 4 сағат өтуі керек.
  • Литий.  Литийді ұзақ уақыт бойы пайдалану гиперкальциемияны туындатуы мүмкін, әсіресе, кальциймен бірге қолданған кезде.
  • Хинолонды антибиотиктер. Кальций хинолонды антибиотиктердің (мысалы, ципрофлоксациннің) тиімділігін төмендетуі мүмкін. Антибиотикті кальцийге дейін 2 сағат бұрын немесе одан кейін 2 сағат өткен соң қабылдау қажет.   
  • Элвитегравир (EVG) – АИТВ-инфекциясын емдеу үшін қолданылатын интегразаны тежейді. Фармакокинетикалық зерттеулер көрсеткендей, кальцийді эльвитегравирмен бірге қабылдау хелаттау арқылы қандағы эльвитегравир деңгейін төмендетуі мүмкін.
  • Верапамил «баяу» кальций каналдарын тежейтін топтың негізгі препараттарының бірі. Теоретикалық тұрғыдан, кальций қоспаларын пайдалану  гиперкальциемия қаупін ұлғайтуы және верапамилдің тиімділігін төмендетуі мүмкін.
  • Долутегравир. Кальций долутегравирдің (АИТВ емдеу препараты) деңгейін төмендетуі мүмкін. Долутегравирді кальцийге дейін 2 сағат бұрын немесе одан кейін 6 сағат өткен соң қабылдау қажет.

Йод

  • Антитиреоидтық препараттар. Гипертиреозға қарсы дәрілерді, мысалы, метимазолды (Тапазол) йодтың жоғары дозасымен бірге қолданған кезде гипотиреозды туындатуы мүмкін.
  • АПФ тежеушілерҚысымды төмендетуге арналған дәрілер, мысалы, беназеприл (Лотензин) мен лизиноприл (Зестрил), калий йодидімен бірге қабылдаған кезде гиперкалиемия қаупін арттыруы мүмкін.
  • Калийді сақтайтын диуретиктер. Спиронолактон (Альдактон) секілді дәрілер калий йодидімен бірге қабылдаған кезде гиперкалиемия қаупін арттыруы мүмкін.
  • Антиаритмиялық зат - Амиодарон. Амиодаронның құрамында  37,3% йод бар, сондықтан оны йодмен бірге қабылдаған кезде йодтың деңгейі шамадан артық ұлғаю қаупі және қалқанша бездің қызметіне қолайсыз әсері болуы мүмкін.
  • Литий. Литий қалқанша бездің жұмысын бұзуы мүмкін. Кейбір жағдайлар туралы есептер көрсеткендей, литийді калий йодидімен бірге қабылдау сау ересек адамдарда қалқанша бездің қызметін төмендеткен.

Темір

  • Леводопа — Паркинсон ауруына қарсы дәрілік зат. Темір қоспалары леводопаның (Sinemet, Stalevo)сіңуін төмендетіп, оның Паркинсон ауруын және аяқтың мазасыз қимылдау синдромын емдеудегі тиімділігін төмендетеді. Темір мен леводопаны қабылдау арасында үзіліс болуы тиіс.  
  • Левотироксин. Темір левотироксиннің сіңуін азайтып, тиімділігін төмендетуі мүмкін. Левотироксинді темір құрамдас қоспаларға дейін 4 сағат бұрын немесе олардан соң 4 сағаттан кейін қабылдау ұсынылады. Себебі, темір левотироксиннің сіңуі мен тиімділігін төмендетіп, асқазан-ішек жолдарында ерімейтін кешендер түзеді.
  • Протондық помпаны тежеушілер (ППТ). Асқазан қышқылдығын төмендететін препараттар (лансопразол, омепразол) темірдің тағамнан сіңуін азайтуы мүмкін. Темір тапшылығына ұшыраған, ППТ қабылдайтын науқастарға темірдің деңгейін ерекше қабылдау қажет болуы мүмкін. 
  • Бифосфонаттар. Остеопороз бен сүйек ауруларын емдеуге арналған дәрілер. Темір бисфосфонаттардың сіңуін азайтады, себебі, олар бірге асқазан-ішек жолдарында ерімейтін кешендер түзеді.
  • Хлорамфеникол. Кең ауқымды бактериостатикалық антибиотик. Темірмен бірге қабылдау темірдің анемиямен жұмыс істеуіне кедергі болады, себебі, хлорамфеникол эритроциттердің жетілуіне қарсы ықпал етеді.
  • Метилдопа – гипотензиялық әрекет етеді. Темір метилдопаның деңгейін төмендетіп, оның сіңуін азайтуы мүмкін.
  • Пеницилламин (Купримин, Депен). Темір  пеницилламиннің деңгейін төмендетіп, оның сіңуін азайтуы мүмкін.

Молибден

  • Молибденнің дәрілермен өзара клиникалық маңызды белгілі әсерлесуі  жоқ.

Калий

  • Ингибиторы АПФ и блокаторы рецепторов ангиотензина (АРБ): препараты, такие как беназеприл (Лотензин) и лозартан (Козаар), могут вызывать гиперкалиемию, так как снижают выведение калия с мочой. Рекомендуется контролировать уровень калия, особенно у пациентов с нарушением функции почек.
  • Калийсберегающие диуретики: лекарства, такие как амилорид (Мидамор) и спиронолактон (Альдактон), также могут вызывать гиперкалиемию, снижая выведение калия. Требуется регулярный контроль уровня калия, особенно у пациентов с почечными заболеваниями.
  • Петлевые и тиазидные диуретики: препараты, такие как фуросемид (Lasix) и хлоротиазид (Diuril), увеличивают выведение калия, что может привести к гипокалиемии.

Селен

  • Цисплатин, используемый для лечения различных видов рака, может снижать уровень селена в организме. Влияние этого снижения на здоровье пока неясно. Хотя некоторые исследования показывают, что добавки селена могут уменьшить токсичность цисплатина, Кокрейновый обзор утверждает, что доказательств для подтверждения этого недостаточно.
  • АНТИКОАГУЛЯНТНЫЕ/АНТИТРОМБОЦИТНЫЕ ПРЕПАРАТЫ.Селен может оказывать антитромбоцитарное действие и может увеличить риск кровотечения при использовании с антикоагулянтами или антитромбоцитарными препаратами
  • Оральные контрацептивы. Некоторые исследования показывают, что оральные контрацептивы могут повышать уровень селена в сыворотке крови у женщин, принимающих их, но другие исследования не находят таких изменений. Повышение уровня может быть связано с увеличением белка-носителя селена, что указывает на перераспределение селена в организме, а не на изменение его общего количества.
  • Иммунодепрессанты. Теоретически, добавки селена могут снизить эффективность иммунодепрессантной терапии

Цинк

  • Антибиотики. Хинолоновые (например, ципрофлоксацин) и тетрациклиновые (например, ахромицин и сумицин) антибиотики могут взаимодействовать с цинком в ЖКТ, что препятствует их всасыванию. Чтобы минимизировать взаимодействие, антибиотики следует принимать за 2 часа до или через 4-6 часов после добавок цинка.
  • Пеницилламин: цинк может снижать всасывание и эффективность пеницилламина, используемого для лечения ревматоидного артрита и болезни Вильсона. Чтобы избежать этого, принимайте пеницилламин и добавки цинка с интервалом не менее 1 часа.
  • Диуретики: тиазидные диуретики (например, хлорталидон и гидрохлоротиазид) увеличивают выведение цинка с мочой, что может привести к снижению уровня цинка в крови.

Ванадий

  • Антикоагулянтные/антитромбоцитарные препараты. Теоретически ванадий может повысить риск кровотечения при совместном приёме с антикоагулянтами или антитромбоцитарными препаратами. Исследования in vitro показывают, что ортованадат натрия, форма ванадия, замедляет свёртывание крови, вероятно, ингибируя тромбин и фактор Xa.
  • Антидиабетические препараты. Ванадий может повысить риск гипогликемии при совместном приёме с антидиабетическими препаратами. Несколько небольших клинических исследований у пациентов с диабетом 2 типа показали, что ванадилсульфат, одна из форм ванадия, улучшает чувствительность к инсулину и может снижать уровень глюкозы в крови. Это действие ванадия потенциально усиливает эффект антидиабетических препаратов, что может привести к чрезмерному снижению уровня сахара в крови (гипогликемии).

Натрий

Диуретики (мочегонные препараты):

  • Петлевые диуретики (фуросемид): увеличивают выведение натрия, что может вызвать его дефицит.
  • Тиазидные диуретики (гидрохлоротиазид): также способствуют выведению натрия.

Ингибиторы ангиотензин-превращающего фермента (иАПФ):

  • Препараты вроде эналаприлакаптоприла могут увеличивать уровень калия в организме, что при низком уровне натрия может вызвать электролитный дисбаланс.

Кортикостероиды:

  • Препараты, такие как преднизолон, могут задерживать натрий в организме, приводя к его избытку и повышению артериального давления.

Нестероидные противовоспалительные препараты (НПВП):

  • Препараты вроде ибупрофена могут нарушать функцию почек, что может повлиять на уровень натрия.

Лекарства для лечения гипертонии:

  • Антагонисты альдостерона (спиронолактон) могут снижать выведение натрия, вызывая его задержку.

Лекарства с содержанием натрия:

  • Препараты, содержащие натрий (например, некоторые антациды), могут увеличить уровень натрия в организме.

Фосфор

 Лекарственные препараты, повышающие уровень фосфора: анаболические стероиды, андрогены, бета-адренергические блокаторы, этанол, эргокальциферол, фуросемид, гормон роста, гипотиазид, фосфоросодержащие препараты, витамин D, тетрациклин, метициллин, инъекционные контрацептивы.

 Лекарственные препараты, понижающие уровень фосфора: диакарб, антациды, содержащие алюминий, аминокислоты, анестетики, кальцитонин, карбамазепин, адреналин, эстрогены, глюкокортикоиды, инсулин, изониазид, пероральные контрацептивы, фенитоин, сукральфат, маннитол. Проверь и перепиши