
А дәрумені
- Темір. А дәрумені темірдің гомеостазы үшін қажетті гормон – гепсидиннің реттелуіне әсер ете отырып, темірдің сіңуін жақсартады. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей [Fishman SM, et al.], А дәруменінің қоспалары анемияға және ретинол тапшылығына ұшыраған адамдарда темірдің сіңуін жақсартады және гемоглобиннің деңгейін жоғарылатады. Алайда, А дәруменінің тапшылығы жоқ адамдарда А дәруменінің қоспалары анемияны емдеуде айтарлықтай әсер етпейді. Маңызды: А дәруменінің жоғары дозалары (1800 мкг) керісінше, қан сарысуындағы темірдің деңгейін төмендетуге апарады.
- К дәрумені. А дәрумені түрлерінің бірі – ретиноидтардың жоғары дозалары К дәруменінің ішекте сіңуіне кедергі келтіреді. Бұл әсері жануарлардағы зерттеулерде көрсетілген, онда тамаққа қосылған ретиноидтар К дәруменінің және басқа майда еритін қосылыстардың сіңуін төмендеткен. Алайда, адамдардағы зерттеулерде [D L Hill, C J Grubbs] бұл өзара әсерлесуі расталмаған.
- Мырыш. Теория жүзінде мырыш А дәруменінің метаболизмінде: сіңуі, тасымалдануы және пайдаланылуы сияқты бірнеше тұрғыдан әсер етеді. Бірақ, зерттеулерде [P Christian et al.] осы екі микроэлементтің арасындағы қосарлана әсер етуі мен олардың адамдар денсаулығы үшін маңызы арасындағы дәлелдер жоқ.
- Е дәрумені. А дәруменінің әрекетін жақсартуға көмектеседі. Оның ішектегі қышқылдануының алдын алады, жақсырақ сіңуіне ықпал етеді, организмде пайдаланылуын жақсартады, бауырда сақталуын қолдайды және жасушаларды А дәруменінің жоғары деңгейінде пайда болуы мүмкін зақымданулардан қорғайды. Сондай-ақ, Е дәрумені А дәруменінің артық мөлшерінің уытты әсерін азайта отырып, А дәруменінің гипердәрумендігі белгілерін азайтуы мүмкін [Hathcock JN et al.].
Д дәрумені
Кальций. D дәруменінің белсенді түрі - D3 1,25-дигидроксидәрумені кальцийдің ішектегі сіңу тиімділігін шамамен, 30-40% арттырады. Сондықтан, D дәрумені мен кальцийді жоғары дозаларында бірге қабылдау кейбір адамдарда гиперкальциемия қаупін ұлғайтуы мүмкін [Nuraly S Akimbekov , Ilya Digel ]. Гиперкальциемияның клиникалық белгілері естің шатасуы, енжарлық, кейде құсу, іштің ауырсынуы, полиурия, полидипсия және сусыздану түрінде көрініс беруі мүмкін.
- Магний. Д дәрумені магнийдің сіңуін ұлғайтады. Д дәруменін магниймен бірге қабылдау мальабсорбция синдромы бар адамдарда гипомагнеземияны емдеу үшін жиі пайдаланылады [Hardwick LL et al.].
Е дәрумені
- Бета-каротиндер. Е дәрумені организмдегі бета-каротиннің деңгейін төмендетеді. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, бұл мицеллаларда ерігіштігі үшін бәсекелікке байланысты, бұл бета-каротиннің сіңуін нашарлатады. Мысалы, Е дәруменін 800 бірлік дозасында қабылдау бета-каротиннің қан сарысуындағы деңгейін шамамен, 20% төмендетеді. Е дәруменінің бұдан да жоғары дозалары бета-каротиннің қандағы мөлшерін одан күштірек азайтады деп болжанады [W C Willett. et al.].
- Темір. Зерттеулерде [D K Melhorn, S Gross] Е дәруменінің жоғары дозалары анемияға ұшыраған сәбилерде темір қоспаларының емдік әсерін төмендетуі мүмкін деп көрсетілген.
- Омега 6. Омега-6 май қышқылдарын тұтынуды ұлғайту Е дәруменіне қажеттілікті арттыруы мүмкін [Food and Nutrition Board].
- А дәрумені. Е дәрумені А дәруменінің әрекетін жақсартуға көмектеседі. Оның ішектегі қышқылдануының алдын алады, жақсырақ сіңуіне ықпал етеді, организмде пайдаланылуын жақсартады, бауырда сақталуын қолдайды және жасушаларды А дәруменінің жоғары деңгейінде пайда болуы мүмкін зақымданулардан қорғайды. Сондай-ақ, Е дәрумені А дәруменінің артық мөлшерінің уытты әсерін азайта отырып, А дәруменінің гипердәрумендігі белгілерін азайтуы мүмкін [Hathcock JN et al.].
- К дәрумені. Е дәрумені 800 МЕ дозаларында К дәруменінің әрекетін әлсіретуі мүмкін. Бұл қан кету қаупін ұлғайтуға апарады, әсіресе, варфарин немесе басқа антикоагулянттарды қабылдайтын және К дәруменіің төмен деңгейі байқалатын науқастарда [Corrigan JJ. et al.].
К дәрумені
- Q10 коэнзимі. Q10 коэнзимі химиялық тұрғыдан К2 (менахинон) дәруменіне ұқсас және варфариннің антагонизмін қоса, ұқсас әрекет етуі мүмкін. Бұл дегеніміз Q10 коэнзимін және К дәруменін бірге пайдалану варфарин секілді антикоагулянттарды қабылдайтын адамдарда қан ұюы қаупін арттыруы мүмкіндігін білдіреді [Spigset O.et al.].
- К дәрумені. А дәруменінің (ретиноидтардың) жоғары дозалары жануарлардағы зерттеулерде К дәруменінің әсеріне қарсы әрекет еткен. Алайда, адамдардағы зерттеулерде [Wostmann BS,et al.] бұл әрекеті расталмаған.
- Е дәрумені. Е дәрумені 800 МЕ асқан дозаларында К дәруменінің әсеріне қарсы әрекет етіп, варфарин қабылдайтын немесе К дәруменін төмен мөлшерде тұтынатын адамдарда қан кету қаупін ұлғайтады [Dowd P, et al.].
В1 дәрумені (тиамин)
- Магний. Магний В1 дәруменін оның биологиялық белсенді түріне айналдыру үрдісінде және тиаминге тәуелді ферменттерге көмектеседі.
В2 дәрумені (рибофлавин)
- Темір. Рибофлавин организмде темірдің пайдаланылуын жақсартуға көмектеседі. Ол гемоглобинді түзу үшін ферритиннен темірдің босатылуына ықпал етеді, бірақ, бұл кезде темірдің өзінің сіңуіне әсер етпейді [Fishman SM, et al.].
- Псиллиум рибофлавиннің сіңуін төмендетеді, бірақ, бұның клиникалық маңызды немесе маңызды еместігі белгісіз.
- Мырыш. Рибофлавин ішек қабырғасы арқылы тасымалдаушы ретінде әрекет етіп, мырышпен кешен түзе отырып, мырыштың сіңуін жақсартады [Agte VV et al.].
В3 дәрумені (ниацин)
- Хром. Хром мен ниацин инсулинге рецепторлармен тиімді байланысуға көмектесетін кешен түзеді. Егде жастағы диабетке шалдықпаған адамдар арасындағы бір шағын зерттеуде 100 мг ниацин мен 200 мкг хромның бірігуі қанттың деңгейін аш қарынға 6,8% төмендеткен. Жеке қабылдау кезінде бұл компоненттердің біреуі де бұлай әсер етпеген. Бірақ, хром мен ниацинді бірге қабылдау кезінде науқастарға гипогликемия қаупіне мұқият назар аудару қажет [Urberg, M et al.].
- Гепато-уытты шөптесін ББҚ. Ниацин, әсіресе, фармакологиялық дозаларында бауырға уытты әсер етуі мүмкін. Ниациннің баяу босатылатын түрлерінің жәй ниацинге қарағанда бауырды зақымдау қаупі жоғары. Сондықтан гепато-уытты әсер етуі мүмкін басқа қоспалармен бірге пайдаланудан алшақ болыңыз.
- Статиндер. Теориялық тұрғыдан ниацин мен статиндерді бірге қолдану кейбір науқастарда миопатия мен рабдомиолиз қаупін ұлғайтуы мүмкін [Garnett WR. et al.].
- С дәрумені. С дәрумені холестерин деңгейіне ниациннің оңтайлы әсерін төмендетуі мүмкін.
- Антикоагулянттық/ антитромбоцитарлық қоспалар. Ниацин кейбір науқастарда қан кету қаупін ұлғайтуы мүмкін.
- Селен. Селен ниациннің холестеринге, жоғары тығыздықты липопротеинге оңтайлы деңгейін төмендетуі мүмкін.
Биотин
- Биотин. Биотиннің мегадозалары В5 дәруменінің тапшылығына және терідегі мәселелерге (бөріткен, т.б.) апаруы мүмкін (айқын емес).
В6 дәрумені (Пиридоксин, пиридоксал және пиридоксамин)
- Қысымды төмендетуге арналған препараттар немесе қоспалар. В6 дәрумені қан қысымын төмендетуі мүмкін, сондықтан В6 дәрумені гипотензивті шөптермен немесе препараттармен бірге қауіпті болуы мүмкін.
В9 дәрумені (фолий қышқылы)
- Көк шәй сығындысы - эпигаллокатехин галлат (EGCG). In vitro зерттеулері нәтижесі бойынша көк шәй сығындысы фолий қышқылының белсенділігін төмендетуі мүмкін. EGCG көк шәй сығындысы фолий қышқылының белсенді түріне (тетрагидрофолат) айналуына жауапты дигидрофолатредуктаза ферментін тежеуі ықтимал [Navarro-Peran E et al.].
- Мырыш. Теоретикалық тұрғыдан, фолий қышқылы мырыштың сіңуін төмендетуі мүмкін, бірақ, бұл мәліметтер әзірге қарама-қайшы. Фолий қышқылын мырышпен бірге қабылдаудан алшақ болу керек.
В12 дәрумені
- Фолий қышқылы. Фолий қышқылының үлкен дозалары В12 дәруменінің тапшылығын жасыруы мүмкін [Shils ME, Olson JA et al.].
- Калий. Калий қоспаларын қабылдау В12 дәруменінің деңгейін төмендетуі мүмкін, ішкі фактор белсенділігін төмендету есебінен [Palva IP et al.].
- С дәрумені. Кейбір зерттеулер көрсеткендей, С дәрумені қоспалары В12 дәруменін бұзуы және адамдардың қанындағы В12 дәрумені деңгейін төмендетуге апаруы мүмкін [Keiko Yamada etal.]. Қазіргі кезде бұның қаншалықты клиникалық маңызды екендігі анық емес, бірақ, сонда да С дәрумені қоспаларын В12 дәрумені қоспаларымен бірге (кемінде, 2 сағат бойы) қабылдаудан алшақ болуды ұсынамыз.
С дәрумені
- Мыс. С дәруменінің жоғары дозалары (күніне 1500 мг) мыстың және мыстың тасымалдаушы ақуызы – церулоплазминнің деңгейін төмендетуі мүмкін, себебі, С дәрумені мысты ішекте азырақ сіңетін түріне айналдыруы мүмкін [Finley EB et al.]. Сондықтан, С дәрумені мен мысты бірге қабылдаудан алшақ болу қажет. С дәруменін 1000 мг артық дозалануында ұзақ уақыт бойы қабылдау кезінде мыстың деңгейін тексеру қажет.
- Темір. С дәрумені темірдің сіңуін ұлғайтуы мүмкін [Fishman SM et al.]. Зерттеулерде бұл әрекет орындалған, бірақ, тек С дәруменінің тапшылығы болған адамдарда.
- ББҚ түріндегі жүзім дәнегі. С дәрумені мен жүзім дәнегін бірге қабылдау систоликалық және диастоликалық қысымды жоғарылатуы мүмкін. Шағын клиникалық зерттеу көрсеткендей [Ward NC. et al.], күніне 500 мг С дәруменін 1000 мг жүзім дәнегінің полифенолдарымен бірге қабылдау гипертонияға шалдыққан ересектерде систоликалық және диастоликалық қысымды айтарлықтай арттырған.
- Хром. Шектеулі мәліметтерге сай С дәрумені аздаған дозалануының өзінде хромның сіңуін ұлғайтады. Сондықтан, С дәруменін хроммен бірге қабылдау ұсынылмайды.
- В12 дәрумені. Кейбір зерттеулер көрсеткендей, С дәрумені қоспалары В12 дәруменін бұзуы және адамдардың қанындағы В12 дәрумені деңгейін төмендетуге апаруы мүмкін [Keiko Yamada etal.]. Қазіргі кезде бұның қаншалықты клиникалық маңызды екендігі анық емес, бірақ, сонда да С дәрумені қоспаларын В12 дәрумені қоспаларымен бірге (кемінде, 2 сағат бойы) қабылдаудан алшақ болуды ұсынамыз.
- В3 дәрумені. С дәрумені холестерин деңгейіне ниациннің оңтайлы әсерін төмендетуі мүмкін.
Биотин
- Альфа-липой қышқылы. Биотин және альфа-липой қышқылы бір-бірімен бәсекеге түседі. Сондықтан, теоретикалық тұрғыдан биотинді альфа-липой қышқылымен бірге қабылдау биотин мен альфа-липой қышқылының сіңуін төмендетуі мүмкін [Zempleni J, et al.].
- В5 дәрумені. Биотин В5 дәруменінің сіңуін төмендетеді, себебі, олар бір тасымалдаушыны бөліседі [Said HM.et al.]
Кальций
- Мырыш. Кальций мырыштың сіңуін төмендетуі мүмкін [Minihane AM et al.].
- Д дәрумені. D дәруменінің белсенді түрі - D3 1,25-дигидроксидәрумені кальцийдің ішектегі сіңу тиімділігін шамамен, 30-40% арттырады. Сондықтан, D дәрумені мен кальцийді жоғары дозаларында бірге қабылдау кейбір адамдарда гиперкальциемия қаупін ұлғайтуы мүмкін [Nuraly S Akimbekov , Ilya Digel ]. Гиперкальциемияның клиникалық белгілері естің шатасуы, енжарлық, кейде құсу, іштің ауырсынуы, полиурия, полидипсия және сусыздану түрінде көрініс беруі мүмкін.
- Темір. Кальций темірдің сіңуін төмендетуі мүмкін. Темірдің едәуір тапшылығы қаупіне ұшыраған адамдар кальцийді темір қоспаларымен және темірдің тағамдық көздерімен бірге қабылдаудан алшақ болуы қажет, себебі, гемдік темірдің негізгі көзі – тағам [Benkhedda K, L'abbé MR et al.].
- Магний. Магний мен кальцийдің бір-біріне көмектесуіне қарамастан, кальцийдің жоғары дозалары (күніне 2600 мг) диеталық магнийдің сіңуін төмендетуі мүмкін [Spencer H et al.].
- Ликопен. Кальций ликопеннің сіңуін төмендетеді. Механизмі айқын емес. Бір клиникалық зерттеуге сай, кальций карбонатын тағаммен бірге күніне 500 мг қабылдау ликопиннің биосіңімділігін кальций қоспасы болмаған жағдаймен салыстырғанда 83% төмендеткен [Borel P et al.].
Фосфор
Белгісіз
Калий
Белгісіз
Магний
- Антикоагулянттық және антитромбоцитарлық шөптер мен препараттар. In vitro зерттеулерінің нәтижелері бойынша, магний сульфаты төменгі мөлшерінің өзінде тромбоциттердің бірігуін тежейді, сондықтан магнийді басқа антикоагулянттық және антитромбоцитарлық шөптермен бірге қабылдау қан кету қапін ұлғайтуы мүмкін [Ravn HB et al.].
- Бор. Бор қоспалары магнийдің несеппен шығарылуын төмендетеді, нәтижесінде магнийдің қан сарысуындағы деңгейін арттыруы мүмкін [Meacham SL et al.].
- Кальций. Магний мен кальцийдің бір-біріне көмектесуіне қарамастан, кальцийдің жоғары дозалары (күніне 2600 мг) диеталық магнийдің сіңуін төмендетуі мүмкін [Spencer H et al.].
- Мырыш. Мырыштың жоғары дозалары магнийдің сіңуін төмендетеді, сондай-ақ, магнийдің шығарылуын ұлғайтуы мүмкін [Spencer H, et al.].
- Д дәрумені. Д дәрумені магнийдің сіңуін ұлғайтады. Д дәруменін магниймен бірге қабылдау мальабсорбция синдромы бар адамдарда гипомагнеземияны емдеу үшін жиі пайдаланылады [Hardwick LL et al.].
Темір
- Кальций. Кальций темірдің сіңуін төмендетуі мүмкін. Темірдің едәуір тапшылығы қаупіне ұшыраған адамдар кальцийді темір қоспаларымен және темірдің тағамдық көздерімен бірге қабылдаудан алшақ болуы қажет, себебі, гемдік темірдің негізгі көзі – тағам [Benkhedda K, L'abbé MR et al.].
- А дәрумені. А дәрумені темірдің гомеостазы үшін қажетті гормон – гепсидиннің реттелуіне әсер ете отырып, темірдің сіңуін жақсартады. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей [Fishman SM, et al.], А дәруменінің қоспалары анемияға және ретинол тапшылығына ұшыраған адамдарда темірдің сіңуін жақсартады және гемоглобиннің деңгейін жоғарылатады. Алайда, А дәруменінің тапшылығы жоқ адамдарда А дәруменінің қоспалары анемияны емдеуде айтарлықтай әсер етпейді. Маңызды: А дәруменінің жоғары дозалары (1800 мкг) керісінше, қан сарысуындағы темірдің деңгейін төмендетуге апарады.
- С дәрумені. С дәрумені темірдің сіңуін ұлғайтуы мүмкін [Fishman SM et al.]. Зерттеулерде бұл әрекет орындалған, бірақ, тек С дәруменінің тапшылығы болған адамдарда.
- Мырыш. Темір мен мырыш сіңуі кезінде бір-бірімен бәсекеде болады [O'Brien KO et al.].
- Соя ақуызы. Соя ақуызы диеталық гемдік емес (өсімдік тектес) темірдің сіңуін азайтады, бұл темірдің фитатпен және сояда болатын кальциймен байланысуына байланысты болуы ықтимал [Lynch SR et al.].
- Lactobacillus plantarum . Кейбір клиникалық зерттеулер бойынша Lactobacillus plantarum бақылау тобымен салыстырғанда темірдің сіңуін 9% ұлғайтады [Hoppe M et al.].
- В2 дәрумені. Рибофлавин темірдің организмде пайдаланылуын жақсартуға көмектеседі. Ол гемоглобин түзу үшін ферритиннен темірдің босатылуына ықпал етеді, бірақ, темірдің өзінің сіңуіне әсер етпейді [Fishman SM, et al.].
- Мыс. Темірдің жоғары дозалары мыстың сіңуін төмендетуі мүмкін [National Academy Press, 2002].
- Хром. Хром мен темір бір тасымалдаушы ақуыздар үшін бәсекелеседі, бірге қабылдау темір тапшылығына апаруы мүмкін [Lukaski HC et al.].
- Марганец. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, темір мен марганецті бірге қабылдау марганецтің сіңуін төмендетеді [Penland JG et al.].
Мырыш
- Темір. Темір мен мырыш сіңуі кезінде бір-бірімен бәсекеде болады [O'Brien KO et al.].
- А дәрумені. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, мырыш А дәруменінің сіңуін ұлғайтуы мүмкін [Rahman MM et al.].
- Кальций. Кальций қоспаларын қабылдау қан сарысуында өте төмен деңгейде болған мырыш деңгейін одан әрі төмендетуі мүмкін [McKenna AA et al.].
- Хром. Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша хром мен мырыш бір-бірінің сіңуіне кедергі болады, себебі, олардың ішектегі тасымалдау бөлігі ортақ. Бұл әзірге клиникалық дәлелденбеген [Hahn CJ et al.].
- Кофе. Кейбір зерттеулерде, кофе мырыштың сіңуін 50% төмендеткен [Pecoud A et al.].
- Мыс. Мырыш мыстың ішек деңгейінде сіңуін азайтуы мүмкін, сондықтан мырыштың жоғары дозалары қажет болғанда оларды қабылдау аралығы алыс болуы тиіс [Broun ER et al.].
- ЭДТА. Хелаттың емдеуде пайдаланылатын ЭДТА жоғары дозалары мырыштың несеппен шығарылуын 10-25 есе ұлғайтады және мырыштың қан сарысуындағы деңгейін 40% төмендетеді. Сондықтан ЭДТА емдеу кезінде организмдегі мырыштың дәрежесін бақылау қажет [Green S. Et.al].
- IP-6 (Фитин қышқылы): Фитин қышқылы кейбір минералдардың сіңуін төмендетеді, оның ішінде, мырыштың сіңуін [Hambidge, K. M et al.].
- Магний. Магний мен мырыш ішекте сіңуі кезінде бәсекеге түседі, сондықтан оларды бірге тағайындау дұрыс емес [Spencer H et al.].
- Марганец. Мырыш қоспалары марганецтің сіңуін екі есе ұлғайтуы мүмкін, сондықтан марганецтің уытты жоғары дозаларын болдырмау үшін оларды бірге қабылдауға болмайды.
- Рибофлавин. Рибофлавин мырышпен кешен түзе отырып, ішектің қабырғасы арқылы тасымалдаушы ретінде әрекет етіп, мырыштың сіңуін жақсартады [Agte VV et al.]
- Селен. Селен мен мырышты бірге қабылдау селеннің сіңуін төмендетеді, себебі, олар бірге нашар сіңетін мырыш селениті кешенін түзеді [Schrauzer GN et al.].
Мыс
- Мырыш. Мырыш мыстың ішек деңгейінде сіңуін азайтуы мүмкін, сондықтан жоғары дозалары қажет болғанда оларды қабылдау аралығы алыс болуы тиіс [Broun ER et al.].
- С дәрумені. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, С дәруменін күніне 1500 мг қабылдау қан сарысуында мыстың және мыстың тасымалдаушы ақуызы – церулоплазминнің деңгейін төмендетеді [Finley EB et al.].
- Темір. Темірдің жоғары дозалары мыстың сіңуін төмендетуі мүмкін [National Academy Press, 2002].
- Молибден. Молибденді мыспен бірге қабылдау мыс молибдаты және мыс тиомолибдаты қосылыстарын түзеді, олар ішекте нашар сіңеді, нәтижесінде екі минералдың да сіңуін төмендетеді [Sievers E et al.].
- Селен. Кейбір зерттеулер көрсеткендей, селенді қосу мыстың шығарылуын ұлғайтып, осылайша, мыстың деңгейін төмендетуі мүмкін [Kies, C. and Harms et al.].
Марганец
- IP-6 (Фитин қышқылы): Фитин қышқылы кейбір минералдардың сіңуін төмендетеді, оның ішінде, марганецтің сіңуін [Hambidge, K. M et al.].
- Темір. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, темір мен марганецті бірге қабылдау марганецтің сіңуін төмендетеді [Penland JG et al.].
- Мырыш. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, марганец пен мырышты бірге қабылдау марганецтің сіңуін және оның қандағы деңгейін ұлғайтуы мүмкін [Freeland-Graves JH et al.].
- Кальций. Кальций мен марганецті бірге қабылдау клиникалық зерттеулер бойынша марганецтің сіңуін төмендетеді [Freeland-Graves JH et al.].
Йод
- Литий. Литий мен калий йодидін бірге пайдалану қалқанша без қызметін төмендетуі мүмкін [Sterling JB et al.].
Селен
- Омега 3. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, омега-3 май қышқылдарын қабылдау селеннің деңгейін төмендетуі мүмкін [Meltzer, H. M. et al.].
- Мырыш. Селен мен мырышты бірге қабылдау селеннің сіңуін төмендетеді, себебі, олар бірге нашар сіңетін мырыш селениті кешенін түзеді [Schrauzer GN et al.]
- Антикоагулянттық/ антитромбоцитарлық қоспалар. Селен антикоагулянттық/ антитромбоцитарлық әрекет етеді, сондықтан селенді антикоагулянттық/ антитромбоцитарлық қоспалармен бірге қабылдау дұрыс емес, себебі бұл қан кету қаупін ұлғайтуы мүмкін [Schrauzer GN et al.].
- Мыс. Кейбір клиникалық зерттеулер көрсеткендей, селенді қосу мыстың шығарылуын ұлғайтып, осылайша мыстың деңгейін төмендетуі мүмкін [Kies, C. and Harms et al.].
Молибден
- Мыс. Молибденді мыспен бірге қабылдау мыс молибдаты және мыс тиомолибдаты қосылыстарын түзеді, олар ішекте нашар сіңеді, нәтижесінде екі минералдың да сіңуін төмендетеді [Sievers E et al.].
Хром
- Қант деңгейін төмендететін қоспалар. Хромның гипогликемиялық әлеуеті бар, хромды басқа да қант деңгейін төмендететін қоспалармен бірге қабылдау гипогликемияға апаруы мүмкін [Rabinovitz H et al.].
- Темір. Хром мен темір бір тасымалдаушы ақуыздар үшін бәсекелеседі, бірге қабылдау темір тапшылығына апаруы мүмкін [Lukaski HC et al.].
- Мырыш. Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша хром мен мырыш бір-бірінің сіңуіне кедергі болады, себебі, олардың ішектегі тасымалдау бөлігі ортақ. Бұл әзірге клиникалық дәлелденбеген [Hahn CJ et al.].
- С дәрумені. Шектеулі мәліметтерге сай С дәрумені аздаған дозалануының өзінде хромның сіңуін ұлғайтады. Сондықтан, С дәруменін хроммен бірге қабылдау ұсынылмайды.
Ванадий
- Гипогликемиялық және антикоагулянттық қоспалар. Теоретикалық тұрғыдан, ванадий гипогликемиялық және антикоагулянттық әрекет етеді. Сондықтан, ванадийді гипогликемиялық және антикоагулянттық қоспалармен бірге қабылдау қанттың деңгейін тым төмнедетуі және қан кету қаупін арттыруы мүмкін [Funakoshi T et al.].